Францияда көлік бір топ велосипедшіні қағып кетті

Францияның шығысындағы Луара департаментіне қарасты Сен-Жюст-Сен-Рамбер коммунасына жақын маңда автомобиль бір топ велосипедшіні қағып кетті.

Бір адам ауыр жарақат алған, деп хабарлайды France Bleu.

Оқиға сәрсенбі күні D108 тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 18 велосипедшінің алдына шығып кетпек болған. Топ сапында  кәмелекетке толмаған 14 бала мен төрт ересек адам болған.

Қарсы бетте келе жатқан жүргізуші өзге көлікпен соқтығысып қалмас үшін рөлді солға қарай бұрып жіберген, сөйтіп велосипедшілерді соғып кеткен. Жүргізушінің өзі де зардап шеккен. Ал 14 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алған.