Sinovac вакцинасы сынағының алғашқы қорытындысы жарияланды

Чилиде қытайлық Sinovac вакцинасының алғашқы сынақтарының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ғалымдардың мәлімдеуінше, тәжірибеге қатысқан адамдарда екпенің жанама әсері өте аз, әрі жеңіл болған. Көбіне вакцина салған жерде ғана ауырсыну байқалған. Препараттың қорғанышына келетін болсақ, екінші дозадан кейін едәуір артатынын айтады. Айта кетейік, Чилиде қытайлық вакцинаны сынау өткен жылдың қараша айында басталған. Оған 2 мың адам тартылған.

Сьюзан Буэно, Sinovac вакцинасын зерттеу жобасының жетекшісі:

– Бұл вакцина біздің елдегі сынаққа қатысушылар арасында да коронавирусқа қарсы антидене қалыптастырды. Әсіресе екпенің екінші дозасын салған соң екі-төрт апта кейін оның күші едәуір артады.

Сондай-ақ...