АҚШ-та спа-салондарында оқ жаудырған ер адам қылмысқа не үшін барғанын айтты

Атлантадағы спа-салондарда адамдарға оқ атқан қылмыскер мұндай әрекетке нәсілдік жеккөрушіліктен емес, өзге жеке мәселеге қатысты барған болуы мүмкін.

Қолға түскен 21 жастағы Роберт Ааронг Лонг полицияға осылай деп айтқан. Алайда тергеу қылмыскердің мұндай әрекетке не итермелегені әлі толық белгісіз деп отыр. Сонымен қатар күдікті спа-салондарындағы атыстан кейін Флоридаға бет алып, онда да қырғын жасамақ болған.

Еске сала кетейік, кеше АҚШ-тың Джорджия штатындағы 3 спа-салонда атыс болып, 8 адам ажал құшты. Тағы 1 кісі жарақат алды. Құрбандардың барлығы – Азия елдерінен келгендер.

Родни Брайант, Атланта қаласы полициясының басшысы:

– Біз күдіктінің мұндай әрекетке неліктен барғанын әлі тексеріп жатырмыз. Бірақ ол адамдарды нәсілдік жеккөрушіліктен атты деп әзірге нақты айта алмаймыз. Себебі тергеу енді басталды.