Ресей АҚШ-тағы елшісін кеңесу үшін шақырып алды

Ресей АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антоновты кеңесу үшін кері шақырып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеу мұны екіжақты қарым-қатынас келешегін сараптау үшін қолға алғанын айтады. Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Мәскеу АҚШ-пен байланыстың құлдырап, нашарлауын қаламайды. Себебі АҚШ-та жаңа үкіметтің билікке келгеніне екі айдан асып, жаңа әкімшіліктің бағыт-бағдарын бағалайтын кез жетті дейді.

Айта кетейік, Ресей өз елшісін АҚШ президенті Джо Байденнің ABC телеарнасына берген сұхбатынан кейін шақырып отыр. Онда Ақ үй басшысы Ресейдің АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласқаны туралы айтқан еді.

Сондай-ақ...