433,54 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда прокурор «Халықтар демократиясы партиясын» жабуды сұрады

  • 123
  • UPD: 14:12, 18.03.2021
Түркияда прокурор «Халықтар демократиясы партиясын» жабуды сұрады

Түркияда жоғарғы шенді прокурордың бірі елдің конституциялық сотына шағымданып, «Халықтар демократиясы партиясын» жабуды сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, бұл саяси топ елде лаңкестік ұйым деп табылған «Күрдістан жұмысшы партиясымен» байланысы бар. Және әрекеттері мемлекетті бөлшектеуге бағытталған-мыс. Алайда партия өкілдерінің өзі бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.

Айта кетейік, Түркияның «Халықтар демократиясы партиясы» алғаш рет сайлауға 2014 жылы қатысқан болатын. Қазір 600 орындықты заң шығару органында 67 депутаты бар. Бірақ 2017 жылы партияның негізін қалаған жетекшілерімен бірге 10 мүшесі лаңкестермен байланысы бар деген айыппен тұтқындалған.

Хабар 24 телеарнасы