433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді

  • 103
  • UPD: 21:32, 18.03.2021
Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтетін болды. Бұл туралы ел премьер-министрі Никол Пашинян өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

Сайлау маусымның 20-сына жоспарланып отыр. Үкімет басшысы «Процветающая Армения» оппозициялық фракциясы көшбасшысымен өткен кездесуде осындай келісімге келді.

Пашинянның айтуынша, мұндай шешім елдегі ахуалды еңсерудің ең тиімді жолы.

Айта кету керек, Армениядағы наразылық акциялары әлі күнге дейін жалғасып келеді. Жалпы елдегі саяси дағдарыс Армения премьер-министрінің бас штаб басшылығын қызметтен босатқаннан кейін ушығып кеткен еді. Оппозиция өз жақтастарын жинап, шатырлы лагерь құрып, премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті.

Хабар 24 телеарнасы