433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Корея қашықтан оқытудың кейбір элементтерін сақтап қалуға ниетті

  • 94
  • UPD: 12:35, 19.03.2021

Коронавирус кезеңі аяқталса да, Оңтүстік Корея қашықтан оқытудың кейбір элементтерін сақтап қалуға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елде сабақтар наурыз айының басында басталады. Екінші жыл қатарынан балалар әлеуметтік арақашықтық ережелерін сақтай отырып, мектепке барады. Онлайн сабақтардың қандай элементтері сақталатынын және Оңтүстік Корея мектептерінде коронавирустан вакциналау қашан басталатынын Сеулдегі меншікті тілшіміз Владислав Цой анықтады.

Владислав Цой

- Сеулде күн сайын 400-ге жуық адамнан вирус анықталады. Мұндай жағдайда заң бойынша әлеуметтік арақашақтықтың екінші деңгейі сақталады. Сондықтан оқушылар бір апта үйде, келесі апта мектепте оқиды. Сабаққа барлық мектеп оқушыларының үштен бірі ғана қатысады. Олар ережені барынша сақтауға тиіс. Таңғы 08:00-де бетперде киген оқушылар екі топқа бөлініп, екі кіреберіс арқылы мектепке кіреді. Олардың арасындағы қашықтық бір метрден артық болуы керек.

Владислав Цой, тілші:

- Оқушылардың дене қызуы бірнеше рет өлшенеді. Бірінші мектепке кірген кезде, содан кейін әр сыныптағы арнайы қондырғылар арқылы тексеріледі.

Оқушының дене қызуы жоғары болса, ол медициналық кабинетке жеткізіледі. Бала да, оның ата-анасы да коронавирусқа тест тапсыру қажет. Мектепке бетпердесіз келгендердің барлығына ол тегін беріледі. Сонымен қатар әр кабинет зарарсыздандыру құралдармен қамтылады. Балаларға сыныптан тек дәретханаға баруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ оқушыларға тегін тамақ беріледі. Бірақ олар тек кабинетте ғана тамақтануы тиіс.

Ким Джон Хи, Синсо орта мектеп директоры:

- Мектепке апта ішінде бір сыныптың оқушылары ғана келеді. Сондықтан қалған екі аудитория бос. Оқушылар арасында байланыс жоқ. Сондықтан COVID-тің жаппай таралуына жол бермейміз.  Бізде бір адам дертке шалдыққан жағдай болды. Сол кезде мектебіміз бірден жабылып, оқушылар оқшауланды. Сөйтіп, вирус таралған жоқ.

Мұғалімдер қашықтан оқыту оқушыларды толық бақылауға мүмкіндік бермейтінін мойындайды. Мысалға онлайн музыка сабағында хормен ән айту мүмкін емес. Бірақ үйден оқудың пайдасы да бар.

Вон Джон Ын, Синсо орта мектеп мұғалімі:

- Қашықтан оқыса, балаларға мектепке келмеуге болады. Менің ойымша, бұл оқушылардың сабақтан қалмауына ықпал етті. Балалар мектепте компьютер мен құрылғыларды ұзақ пайдаланбайды. Ал үйде музыкалық туындылар жасау үшін қосымшаларды, компьютерлік бағдарламаларды қолдануға мүмкіндік туды.

Чон Джи Ён, Синсо орта мектеп оқушысы:

- Қашықтан оқытудың артықшылығы – егер түсініксіз болса, сабақты қайта қарауға болады. Кемшілігі – жүйе істен шықса, сабақты соңына дейін тыңдауға мүмкін болмайды. Сондай-ақ қашықтан оқыту еңбекқорлықты төмендетеді.

Мектепке алғаш барғандар тек сыныпта оффлайн ғана оқи алады. Бұл балалардың мұғаліммен және сыныптастарымен жақынырақ танысуы үшін қажет.

Чон Сун Ми, Сеул қаласының ғылым басқармасы қызметкері:

- Үйде ғылыми эксперименттер жүргізу мүмкін емес, сондықтан олар мектептерде өткізіледі. Блендин сабақтары аралас оқыту деген жаңа термин пайда болды. Теория қашықтан өтеді, ал тәжірибе мектепте. Мұғалімдердің тілектері ескеріліп, қазір сабақтардың жартысы интернет-платформада, қалғаны Zoom қосымшасының көмегімен жүргізіледі. Коронавирустан кейінгі кезеңде жабдықты пайдалану ыңғайлы болғандықтан, онлайн оқыту толығымен жоғалып кетпейді, сыныптағы сабақтармен бірге қолданылады.

Келесі айда оқушылар мен мұғалімдерді жаңа сынақ күтіп тұр. Яғни, коронавирусқа қарсы вакциналау басталады. Ең алдымен ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге екпе егіледі. Шілде айында бірінші және екінші сынып мұғалімдерін вакциналау жоспарланып отыр. Сөйтіп, қараша айына дейін Кореяның 52 миллион тұрғынының 70%-і COVID-19-дан қорғалуы керек.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы