АҚШ-та 65 жастан асқандардың 65%-і вакцинаның алғашқы дозасын алды

АҚШ-та жасы 65-тен асқан егде тұрғындардың 65%-і коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды.

Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден мәлімдеді. Сондай-ақ ол кемінде 100 миллион доза екпе салу жоспарын жақын арада толық орындайтынын айтқан. Бұдан басқа, АҚШ президенті тұрғындардан үнемі бетпердемен жүруді талап етті.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Біз мына індетті түбегейлі жеңбейінше тоқтамаймыз. Алдағы аптада екпе салдыру бойынша келесі мақсатты жариялаймын. Болашаққа үлкен үмітпен қарасақ та, босаңсуға жол жоқ. Барлық америкалықтарды атсалысуға шақырамын.