430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

AstraZeneca вакцинасы қауіпсіз бе?

  • 84
  • UPD: 12:41, 19.03.2021

AstraZeneca вакцинасын салдырған адамдарда қанның ұюы дәл осы екпеден болғаны дәлелденбеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі препаратты тексере келе, екеуінің арасыннан байланыс таппағанын мәлімдеді. Сарапшылар мәселе вакцинаның белігілі бір партиясымен байланысты болуы мүмкін деген жорамалды да жоққа шығарды. Осыдан кейін Германия вакцинаны қайта қолдана бастайтынын хабарлады. Франция мен Италия да онымен егуді жалғастырмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін AstraZeneca вакцинасын салдырған адамдарда қанның ұюы байқалып, көптеген мемлекет оны пайдалануды уақытша тоқтатқан болатын.

Йенс Шпан, Германияның денсаулық сақтау министрі:

- AstraZeneca вакцинасын егуді жалғастырамыз. Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі оның қауіпсіз әрі сапалы екенін айтып отыр. Бірақ вакцинаны пайдалануды уақытша тоқтату дұрыс шешім болды. Себебі мұндай жағдайлар тексеріліп отырылу тиіс.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Еуропалық реттеуші органның шешімін «жақсы жаңалық» деді. Бірақ Еуропалық агенттік вакцинаны зерттеу алдағы уақытта жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар вакцина туралы ақпарға оның жанама әсерлері жайлы мәліметті көрсетуге ниетті. Ал сарапшылар болса вакцинамен байланысты оқиғалар екпеге деген сенімді төмендетуі мүмкін деп отыр.

Стивен Эванс, Еуропаның дәрі-дәрмекті бақылау агенттігінің бұрынғы қызметкері:

- Вакцина алған адамдарда қанның қоюланып кету жайлы ақпарат адамдарға әсер етіп, қорқыныш ұялатауы мүмкін. Салдарынан көптеген кісі оны салдырудан бас тартуы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы