Google 1 шілдеден бастап мобильді қосымша жасаушыларға жеңілдік жасайды

1 шілдеден бастап Google компаниясы мобильді қосымша жасаушыларға жеңілдік жасамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, Google Play дүкені арқылы өз қызметін сататындар үшін комиссия мөлшері 30-дан 15%-ке түседі. Бірақ бұл өзгеріс жыл сайынғы алғашқы бір миллион доллар табысқа ғана қатысты. Компания өкілдерінің айтуынша, осылайша, мобильді қосымша жасаушылар комиссияға кететін қаржыны 50%-ке қысқарта алады.

«Бұл әсіресе, кәсібін енді ғана өрбітіп келе жатқандар үшін тиімді», - дейді олар. Айта кетейік, былтыр күзде Apple компаниясы да осындай шешім қабылдаған еді. Жеңілдік жылдық кірісі 1 миллион долларға жетпейтін бағдарлама жасаушыларға берілді.