АҚШ-тың оңтүстігінде алапат құйын соғып, жүздеген үйді тас-талқан етті

АҚШ-тың оңтүстік штаттарында алапат құйын соғып, жүздеген үйді тас-талқан етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алабама мен Миссисипи штатында ұйытқып соққан жел талдарды тамырымен жұлып, электр бағаналарын құлатты. Мыңдаған адам жарықсыз қалған. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Қос аймақта табиғат апатына байланысты төтенше жағдай енгізілді. Ал Флорида мен Оклахомада жаңбыр аралас дауыл соғып, көлік қатынасы тұралаған. Бірқатар мекенді су басқан. Қазір аймақтарда табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.