«Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі офлайн өтеді

«Оскар» премиясын табыстау рәсімі сәуір айында офлайн өтеді.

Оған Zoom платформасы арқылы қатысуға тыйым салынады, деп жазды Hollywood Reporter.

«Әрине, ең бірінші ойға келетіні – бұлай жасау қауіпсіз бола ала ма? Жауабы: иә, қауіпсіз етуге болады», - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар іс-шарада коронавирусты анықтайтын ПТР-тесттердің сол уақытта нәтижелерін беретін жүйе жұмыс істейтінін хабарлады.

«Оскар» иегерлері 25 сәуірде Лос-Анджелестегі Dolby театрында белгілі болады.