Америкалық актер Арми Хаммерге «қыз зорлады» деген айып тағылды

Осыған байланысты Лос-Анджелес полициясы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Арызды 24 жастағы бойжеткен берген. Шағымданушы баспасөз мәслихатын өткізіп, Хаммермен «Фейсбук» арқылы танысқанын және 2017 жылы актердің 4 сағат зорлық көрсетіп, ұрып-соққанын мәлімдеді. Жылдың басында актер Дженнифер Лопес ойнайтын «Мылтықтан қорқып некелесу» фильміне түсу керек болатын. Бірақ әлеуметтік желіде адамгершілік түсінікке жат  жазба жариялады деген күдікке ұрынып, басы дауға қалған соң Хаммер фильмге түсуден бас тартты.