Чилиде шектеу шаралары қатаңдатылды

Чилиде індеттің қайта өршуіне байланысты көп аймақта шектеу шаралары қатаңдатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, соңғы уақытта ауруханаларда коронавирусты жұқтырғандар саны артқан. Елде күніне коронавирус 6 мыңнан астам адамнан анықталуда. Осыған байланысты 100-ге жуық муниципалитетте полицейлер мен әскерилердің қатаң бақылауы орнатылып, жүріп-тұру шектелген. Билік вакциналауға көп үміт артып отыр. Чили халықты жұқпалы дертке қарсы егу бойынша Латын Америкасында алда келеді. Қазірге дейін 5 миллионнан аса адам вакциналанған.

Сондай-ақ...