432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Путин Байденді тікелей эфирдегі пікірталасқа шақырды

  • 156
  • UPD: 14:39, 19.03.2021

Владимир Путин Джо Байденге тікелей эфирде пікірталас жасауды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресей басшысы онлай-кездесуді наурыздың 19-ы немесе 22-сі өткізуге дайын екенін жеткізді. Путин АҚШ президентімен екіжақты қарым-қатынасты, стратегиялық мәселелер мен адамзат үшін маңызды басқа да түйткілдерді талқылағысы келетінін білдірді.

Владимир Путин, Ресей президенті:

- Дәл қазір не ойлағанымды айтайын: өткенде президент Байден телефонмен сөйлесу бастамасын көтерді. Ал мен Байденге пікірталасты жалғастыруды ұсынғым келеді, бірақ екіжақты ашық әңгімені тікелей эфирде өткізсек деймін.

АҚШ билігі бұл ұсынысқа әзірге жауап берген жоқ. Тек президент әкімшілігі Ақ үй басшысының қолы бос емес екенін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда Джо Байден ABC телеарнасына берген сұхбатында «Владимир Путинді «баскесер» деп есептейсіз бе?» деген сұраққа «Иә» деп жауап берді. Сондай-ақ ол америкалық сайлауға араласқаны үшін Ресей басшылығын жазалайтынын ескертті.

Хабар 24 телеарнасы