430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ басшысы әлем халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

  • 272
  • UPD: 16:02, 19.03.2021
БҰҰ басшысы әлем халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем елдерін наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым басшысы өзінің лебізін Бейжіңдегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының ғимаратында көктемгі күн мен түннің теңелуіне орай өтіп жатқан іс-шарада бейнежазба арқылы білдірді.

Антониу Гуттериш, БҰҰ бас хатшысы:

- Әр Наурыз жаңашылдықтың бастауын білдіреді. Былтыр Наурызды тойлау бұған дейін болып көрмеген ғаламдық індетпен тұспа-тұс келді. Ал биыл Наурыз рухы ерекше сезіліп тұр. Қазір қоғам мен ұрпақтар арасындағы ынтымақтастық өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы