430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде мұнай бағасы арзандады

  • 132
  • UPD: 15:48, 19.03.2021
Әлемде мұнай бағасы арзандады фото: ru.investing.com

Лондон қор биржасындағы саудада Brent маркалы мұнай құны 7,44%-45 төмендеп, 62 доллар 97 центке түсті.

Ал WTI маркалы мұнай бағамы 7,52%-ке арзандап, 59 доллар 74 цент болды. Бұл қара алтын бағамының наурыз айының басынан бергі ең ірі төмендеуі. Сарапшылардың пайымынша, оның арзандауына Еуропда індеттің таралуының қайта күшейгендігі мен AstraZeneca екпесі мәселесінен вакциналау шарасының бәсеңдеуі әсер еткен. «Сондай-ақ АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі ықпал еткен», дейді. Бірақ мамандар қара алтын бағасы жуық арада қатты құлдырмайды деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы