Борис Джонсон AstraZeneca вакцинасын салдырды

Жуырда Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі AstraZeneca өнімін қолдануды мақұлдаған соң кәрі құрлықтың бірқатар елі аталған препаратты қайтадан халыққа еге бастады.

Естеріңізде болса, ағылшын-швед компаниясы әзірлеген дәрі төңірегінде таяуда дау туған еді. Сөйтіп еуропа елдерінде халықты вак-циналау науқаны біршама баяулап қалды. Тұрғындардың вакцинаға қатысты үрейін басып, сенімін арттыру үшін Ұлыбритания премьер-министрі дәл осы дәрінің алғашқы дозасын қабылдады.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Меніңше, Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігіне, ғалымдардың сөзіне құлақ асу керек. Халықты вакциналау жақсы іс.

Қанның қоюлануымен байланысты қауіптерге қарамастан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да халықты вакциналау ісінде AstraZeneca өнімін қолдана беруге шақырып отыр. Ұйым өкілдерінің айтуынша, аталған препарат жанама әсерінен гөрі тиімділігі басым.

Сондай-ақ...