431,93 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Босния және Герцеговинада эпидемиологиялық ахуал қиындап барады

  • 209
  • UPD: 18:31, 20.03.2021
Босния және Герцеговинада эпидемиологиялық ахуал қиындап барады

Босния және Герцеговинада эпидемиологиялық ахуал күн өткен сайын қиындап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, ел астанасы Сараевода. Мұнда науқастардың көптігі сонша, жергілікті ауруханаларда орын жоқтың қасы. Өлім-жітім деректері де аз емес. Жерлеу қызметтерінің айтуынша, наурыз айында қайтыс болғандар қатары алдыңғы айлармен салыстырғанда едәуір артқан. Кеше шаһар билігі қалада коменданттық сағат жариялады. Енді алдағы екі апта бойы тұрғындардың түнгі уақытта сыртқа шығуына болмайды. Қоғамдық тамақтану орындары түгел қызметін тоқтатқан. Бұл елде әзірге вакциналау науқаны басталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы