Жапонияға қуатты жер сілкінісінен кейін цунами қаупі төнді

Жапонияда қуаты 6,9 баллдық жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы елдің метеорологиялық басқармасы хабарлады. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Мияги префектурасының жағалауында, шамамен 60 шақырым тереңдікте орналасқан. Осыған байланысты Жапонияның метеорологиялық қызметі бірден цунами қаупін жариялады. 90 минуттан кейін оны алып тастады. Табиғи апат салдарынан Миягидің кей аудандарында жарық сөнген. Жылдамдығы аса жоғары пойыз қызметін тоқтатыпты. 1 адам зардап шеккен.