Италияда спектакльді үйде көрсету қызметі пайда болды

Римде жеткізіп беру қызметінің ерекше түрі пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол арқылы кез келген театр сүйер көрермен енді сүйікті спектаклін саябақта немесе өз үйінің алаңында тамашалай алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, азаматтар мұндай қызметке онлайн түрде тапсырыс бере алады. Бұдан бөлек, тұрғындарға қойылым жанрын таңдау мүмкіндігі де берілген. Яғни азамат қалауына қарай драма немесе комедияға тапсырыс бере алады.

Айта кетейік, қазір Италияда театрлар жұмыс істемейді. Осылайша табыссыз қалған актерлар күн көрудің амалын жасай бастаған.

Сондай-ақ...