Сирияда жойқын жарылыс болды

Сирияның Әл-баб қаласында жойқын жарылыс тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтық қорғаныс қызметінің хабарлауынша, ол шаһардағы қоймалардың бірінде болған. Соның салдарынан 2 адам қаза тауып, 5 кісі жарақат алған. Жарылыс қуатының күшті болғаны сонша, ішіндегі заттардың түгі қалмай өртеніп кетіпті. Әзірге жарылыстың себебі белгісіз.