Лондонда індеттің таралуына байланысты қабылданған шектеулерге қарсы шеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Наразылық акциясына шыққан жұрт алдымен қала көшелерімен жүріп өтіп, кейін Гайд-паркте жиналды. Көбі маска тақпаған. Полиция шерушілер әлеуметтік арақашықтық сақтамағанын мәлімдеп, оларды үйлеріне тарауға шақырды. Бұл сөздерге ешкім құлақ аспағаннан кейін тәртіп сақшыларының күш қолдануына тура келді. Ереуілшілер де қарап қалмады. Сөйтіп шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты. Нәтижесінде 33 адам қамауға алынды.