Мьянмадағы саяси ахуал ушықты

Әскери төңкерістен кейін Мьянмадағы ахуал ушығып барады. Елді әскерилердің басқаруына наразы жұрт жеті аптадан бері шерулетіп жатыр. Оларды тарату үшін полиция күш қолданып, айтқанға көнбегендерге оқ атқан. Қақтығыс кезінде 230-дан астам адам қаза тапты. 2 жарым мыңға жуық азамат қамалды.

Индонезия президенті тараптарды бейбіт келісімге және әскерилерді халыққа оқ атпауға шақырды. Азияның оңтүстік-шығысындағы елдердің басшыларын Мьянмадағы дағдарысты шешуге атсалысуға үндеді. Батыс елдері мен БҰҰ Мянмадағы ахуалды сынға алып, биліктің әрекетін айыптады.

Равина Шамдасани, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары:

- Бейбіт шеруге шыққандарға қарсы күш қолдану азаймай тұр. 37 журналист тұтқындалды. 19-ы әлі қамауда жатыр. Соңғы бірнеше күннің ішінде бес адамның қаза тапқаны айтылды. Бұл ресми ақпарат. Шын мәнінде одан да көп болуы мүмкін. Мәйіттердің денесіне қарап оларды ұрып-соғып, азаптап өлтіргенін анық көруге болады. Мьянма билігін бейбіт шеруге шыққандарға қарсы күш қолдануды тоқтауға шақырамыз.

Айта кетейік, 19 наурызда әскери төңкерістің басшысы Мин Аунг Хлайн Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының онлайн өткен жиынына қатысты. Батыс елдері оны айыптап, бұрынғы басшыларды босатуды талап етті. Ал көршілес елдер саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешуге көмек беруге дайын екенін жеткізді. Десе де, әскери қолбасшы Мьянмада 8 қарашадағы сайлау әділетсіз өткенін, сондықтан әскери төңкеріс жасағанын айтты. Ол жаңа сайлау өткізетінін мәлімдеді. Бірақ нақты қай күні екенін жарияламады.

Сондай-ақ...