432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нидерландтағы парламенттік сайлауда М.Рюттенің партиясы жеңіске жетті

  • 110
  • UPD: 22:08, 21.03.2021
Нидерландтағы парламенттік сайлауда М.Рюттенің партиясы жеңіске жетті

Нидерландта саяси дода өз мәресіне жетті. Жергілікті жұрт өз таңдауын жасады.

ANP ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, премьер-министр міндетін атқарушы Марк Рютте басқаратын «Бостандық пен Демократия үшін» халықтық партиясы жеңіске жеткен. Саяси ұйым Парламенттегі 150 орынның кем дегенде отыз бесін иеленуі тиіс. 

Марк Рютте, Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы:

- Қатарынан төртінші сайлауда біздің партия жеңіске жетті. Әрине дауыс берушілердің басым көпшілігі сенім білдірді. Өзімізге артылған жауапкершілікті толық сезінеміз. Коронавирус кезеңінде мемлекетті сауатты басқару бізге сын. Сенімді ақтау үшін күш саламын.

Хабар 24 телеарнасы