Токио аймағында төтенше жағдай алынды

Токио аймағында қаңтарда коронавиустың өршуіне байланысты енгізілген төтенше жағдай алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен бірге Канагава, Тиба және Сайтама префектураларында да шектеу жойылды. Себебі бірнеше айға созылған шара нәтижесінде вирусты жұқтыру 80%-ке төмендеген. Бірақ өңірлерде вирустың өршуін болдырмас үшін мейрамхана мен дәмханалардың жұмыс уақытын шектеу жалғасады. Сондай-ақ халықты вирусқа қарсы тестілеуді күшейту қарастырылған.

Айта кетейік, Жапонияда індет таралғалы вирсуты 455 миллионнан аса адам жұқтырып, дерттен 9 мыңға жуық науқас қайтыс болды.

Сондай-ақ...