430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мексикадағы орман өртімен күреске әскерилер жұмылдырылды

  • 116
  • UPD: 12:42, 22.03.2021
Мексикадағы орман өртімен күреске әскерилер жұмылдырылды фото: mir24.tv

Мексиканың бірнеше штатында орман өрті басылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лаулаған жалынды сөндіру үшін көрші аймақтардан өрт сөндірушілермен бірге сарбаздар аттандырылып, тікұшақтар көбейтілді. Табиғат апатынан өңірдегі ірі ұлттық саябақ жапа шеккен. Өртті сөндіруге күннің ыстық әрі желді болуы кедергі келтіруде. Тіпті соңғы күндері өрт ошақтары көбейген. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, өткен жексенбі күні Мексиканың 12 штатында 50 өрт тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы