Польшада коронавирусты жұқтырғандар саны қайта көбейді

Соңғы бір тәулікте елде вирус 21 мыңнан аса адамнан анықталды.

Бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 30 процентке артық. Салдарынан ауруханаларда науқастар саны артқан. Қазір емдеу орындары 70 процентке толған. Салдарынан билік дала госпитальдарын ашып, 8 мың адамды орналастырмақ. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Польшада вирусты жұқтырғандардың 80 процентінен коронавирустың британдық штамы анықталып жатқыр.