Венесуэлада қатаң карантин жарияланды

Коронавирус жұқтырғандар саны Латын Америкасында артып келеді. Сол себепті Венесуэлада 15 күндік қатаң карантин жарияланды.

Ел президенті Николас Мадуро «қалыптасып отырған эпидемиологиялық ахуал осындай шешімге мәжбүрлеп отыр» депті.

Соңғы кезде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып кеткен. Негізі Венесуэлада вакциналау науқаны 8 наурызда басталған болатын. Бірақ ол қадам да  індеттің бетін қайтруға әзірше мүмкін болмай тұр. Карантиндік шектеулерге сай азық-түлік дүкендері мен медицина нысандарынан басқа мекемелер мен сауда орындары жабылды. Мектептер де ойлайн оқу жүйесіне көшті.

Сондай-ақ...