Болгарияда қатаң шектеу шаралары енгізілді

Болгарияда мектептер мен сауда орындары жабылды. Қатаң шектеулер енгізуге коронавирустың өршуі себеп.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл елде күніне 3 жарым мың адамға дейін індет жұқтыруда. Ал 21 наурызда 8 мың 545 тұрғын ауруға шалдыққан. Бұл «ковид-19» былтыр алғаш таралғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Үкімет карантинді 10 күнге жариялады.

Дарил, мейрамхана менеджері:

- Шектеу шараларынан біз зиян шегеміз. Өзіміз құрдымға кеткелі тұрғанда, бұл жығылғанға жұдырық болды. Біздің еңсе көтеруімізге жағдай жасай алмай отырған үкіметімізде мүлде ұят жоқ.

Сондай-ақ...