Португалия AstraZeneca вакцинасын қолдануды жалғастырды

Португалия «АстраЗенека» вакцинасын қайта қолдана бастады. Лиссабон шешімді Еуропалық дәрі-дәрмек жөніндегі агенттіктің препаратқа қатысты тексеру қорытындысын жариялаған соң қабылдаған.

Жалпы Португалия 10 миллион халқының 70 процентін жаздың соңына дейін вакциналауды жоспарлап отыр. Қазір «АстраЗенека» екпесінің 1-дозасын 173 мың тұрғын алған.

Еске сала кетейік, бірнеше апта бұрын Еуропаның кей елдерінде «АстраЗенека» вакцинасы салынған адамдарда қанның ұйып қалуы байқалып, оны қолдану уақытша тоқтатылған болатын. 

Мануэль Сантос, жергілікті тұрғын:

- Менің түсінігімде адамдар вакцина салдыру тиіс. Рас, кейбір кісілерде оның жанама әсері болуы мүмкін. Мамандардың айтуына қарағанда басым көпшілік ондай кері әсерді сезінбейтін көрінеді. Коронавирустан қорғану үшін екпе алған дұрыс деп ойлаймын.