423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-тың Боулдер қаласындағы атыстан 10 адам қаза тапты

  • 251
  • UPD: 11:31, 23.03.2021
АҚШ-тың Боулдер қаласындағы атыстан 10 адам қаза тапты

АҚШ-тың Колорадо штатындағы супермаркетте болған атыс салдарынан 10 адам қаза тапты.

Оқыс оқиға болған Боулдер қаласының полициясы твиттер парақшасында «10 адам қаза тапты» деп жазды.

Қалалық полиция басқармасының өкілі атыс салдарынан құқық қорғау органдарының бір қызметкері қаза тапқанын растады.

Бұл 51 жастағы полиция қызметкері Эрик Тэлли екені анықталды.

Ал жұртты қырған қылмыскер ұсталды. Қылмыскердің әрекетіне не себеп болғаны белгісіз, оның есімі аталмай отыр.

АҚШ-тың сауда орталығында атыс болды

Хабар 24 телеарнасы