Чехия коронавирус құрбандарын еске алды

Чехия астанасында коронавирус құрбандарын еске алу шарасы өтті. Былтыр наурыздың 22-сі күні елде дерттің бірінші құрбаны тіркелуіне орай Праганың басты алаңында бормен мыңдаған крест салынды. Содан бері Чехияда жұқпалы кеселден 25 мың адам қайтыс болыпты.

Жалпы бұл мемлекет Еуропада індеттен ең көп зардап шеккен елдің бірі. Қазірге дейін 11 миллионға жуық халқы бар Чехияда 1 жарым миллиондай адам вирусты жұқтырған.

Якуб Павелек, Прага қаласының тұрғыны:

- Бұл дерттен бүкіл әлемде қаншама адам көз жұмды. Оны басқа бір аурулармен салыстырмалы түрде аз деп айтқан шенеуніктер де болды. Бірақ мына боялған кресттерге қарап тұрсаңыз індет қаншама адамның өмірін қиып кеткенін көруге болады.