Царнаев қайтадан өлім жазасына кесілуі мүмкін

АҚШ Жоғарғы соты 2013 жылы Бостонда лаңкестік жасаған Джохар Царнаевтың ісін қайта қарауы мүмкін.

Бұған дейін аппелляциялық сот Царнаевқа кесілген өлім жазасы үкімін жойып, өмірбақи бас бостандығынан айырған еді. Алайда былтыр қазан айында Әділет министрлігі Жоғарғы сотқа шешімді қайта қарау туралы өтініш білдірген. Дегенмен, Джо Байден әкімшілігі бұл іске қатысты әлі өз ұстанымын білдірген жоқ.

Еске сала кетейік, Джохар Царнаев ағасымен бірге 2013 жылы Бостон қаласындағы марафонда лаңкестік ұйымдастырып, 3 адам қаза тауып, 280 кісі жарақат алған болатын.