Исландиялық геологтар өткен аптада атқылаған Фаградальсфьяль жанартауына жақындап, суретке түсіріп алды.
Бұл ғалымдарға отты тауды тереңірек зерттеуге көмектесуі мүмкін. Жанартаудың атқылауы тоқтағанымен одан әлі ыстық шоқ ағып жатыр.
Еске сала кетейік, өткен аптаның жұма күні Исландияда 900 жыл бойы тыныш жатқан жанартау атқылап, күл шашқан еді. Бірақ жергілікті билік «жанартаудан тұрғындарға еш қауіп жоқ» деп мәлімдеген болатын.