Колумбияда екі жүзге жуық баспананы су шайып кетті

Колумбияның Антьокия аймағында толассыз жауған жаңбырдан Десмотадора өзені тасып, 200-ге жуық үйді су шайып кетті.

Кей жерлерде лай көшкіні жүрген. Тас жолдар бүлініп, көліктер жүре алмай қалды. Бірақ жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір аймақта табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.