Германия билігі локдаун мерзімін 18 сәуірге дейін ұзартты

Үкімет Пасха мейрамы кезінде шектеу шараларын күшейтпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты себеп – ауру жұқтырғандардың көбеюі және вирустың жаңа штамдарының таралуы. 15 сағатқа созылған келіссөз барысында канцлер Ангела Меркель және федералдық өңірлердің басшылары қандай да бір шара қабылдау жөнінде келісімге келді. Ең алдымен Пасха мейрамы кезінде бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынады. Дүкендер 4 күн жұмыс істемейді. Шіркеулер жабылып, діни рәсімдер онлайн түрде өтеді. Мереке күндері тек екпе салатын орталықтар ғана жұмыс істейді. Ал індет өршіген өңірлерде тұрғындардың қатынауына тыйым салынуы мүмкін.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Ұзаққа созылған келіссөздерде талқыланған басты мәселе  Пасха мейрамын тыныш өткізу. Осылайша, біз індеттің үшінші толқынын еңсергіміз келеді. Сондықтан мереке күндері адамдардың қарым-қатынасы мен жиналуына шектеу салынады. Мекемелердің барлығы бұл күндері жұмыс істемеуге тиіс.