АҚШ-та вакцина салдырғандарға тегін бәліш беріле бастады

«Вакцина салдыр да, күнде тегін бәліш ал». АҚШ-тың Бербанк қаласындағы компания осындай науқан бастады.

Енді коронавирусқа қарсы екпе қабылдаған кез келген тұрғын қазірден бастан 2022 жылға дейін тегін бәліш жей алады. Тек дәмханаға келіп, вакцина салдырғанын айғақтайтын куәлікті көрсетсе болғаны. Бастамаға мұрындық болған компания былтыр індет өршіп тұрған кезеңде 30 миллионнан астам бәлішті тегін таратқан.

Стив Хайнс, тұтынушы:

- Вакциналаудың өзі игілік қой. Ауырмай, аман-есен жүргенің де үлкен олжа. Тегін бәліш алу арқаға қаққанмен бірдей қолдау-қошемет.

Дейв Скена, компания өкілі:

- Бізге алаңдамай-ақ қойыңыздар. Біз қолдан келгенше көбірек бәліш жасай береміз. Неғұрлым көп таратсақ, соғұрлым риза боламыз. Себебі өмірді қалыпқа келтіруге үлес қосамыз.