Үндістанда көрермендер отырған мінбер опырылып түсті

Үндістанның оңтүстігінде стадионның 2 мың көрермен отырған мінбер құлап, жүзден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, зардап шеккен 20 тұрғын ауруханаға жеткізілді. Екеуі хал үстінде жатыр. Оқыс оқиға Суриапета қаласында болған. Стадионда «Кабадди» деп аталатын жергілікті күрес түрінен ұлттық турнир өтіп жатқан екен. Полицияның хабарлауынша, көрермен отыратын уақытша мінбер осал ағаштан жасалған. Істің мән-жайы тергеуден кейін белгілі болады.

Сондай-ақ...