429,67 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филиппинде жарқанаттар тарататын вирустар зерттеліп жатыр

  • 89
  • UPD: 08:04, 24.03.2021
Филиппинде жарқанаттар тарататын вирустар зерттеліп жатыр

Жарқанаттарды 24 жылдан бері зерттеп келе жатқан филиппиндік ғалым індеттің келесі ошағы қайда және қашан болатынын анықтауға талпыныс жасауда.

Профессор бастаған топ күн бата қалың джунглидің ортасына барып, қанаттыларды ұстап, зертханаға әкеледі. Осылайша олар мыңдаған жарқанатты тексерістен өткізген. Бұл бір жағынан адам өміріне қауіпті іс. Себебі жыртқыштар тістеп, ағзаға улы заттарын жіберуі мүмкін. Әлемде коронавирус таралғалы бұл топтың ғылыми жұмысына қызығушылар көбейген. Соңғы күндері зерттеу ісіне жапон ғалымдары да қосылды.

Филип Альвиола, эколог:

– Зертханада молекулярлық техникаларды қолдана отырып, біз жарқанаттардың бойындағы вирустардың адамға жұғу мүмкіндігінің бар-жоғын анықтаймыз. Бұл вирусты жақсы таныған сайын біз оның қайдан пайда болғанын және адамға нақты кімнен берілгенін түсінеміз. Нәтижесінде қауіпті аймақты дер кезінде оқшаулап, барыс-келіске шектеу қойып, сақтана аламыз.

Хабар 24 телеарнасы