В.Путин вакцина салдырды

Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Қазір жағдайы жақсы. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Алайда президенттің елдегі үш вакцинаның қайсысын қолданғаны нақтыланған жоқ. Екпені салдыру сәті неге көрсетілмеді деген сауалға Песков мемлекет басшысы шараны жария өтуді ұнатпайды деп жауап берді.

Айта кетейік, Ресей президенті былтыр желтоқсанның 17-сі күні коронавирусқа қарсы міндетті түрде егілетінін айтқан еді. Және бұл істе дәрігерлердің кеңесіне жүгінетінін жеткізген.

Сондай-ақ...