425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Венесуэлада мұғалімдерге вакцина егіле бастады

  • 220
  • UPD: 10:35, 24.03.2021
Венесуэлада мұғалімдерге вакцина егіле бастады

Венесуэлада коронавирусқа қарсы Sinopharm компаниясының вакцинасы мұғалімдерге егіле бастады.

Жергілікті билік сәуір айының ортасына қарай аймақтағы мектептердің жұмысы толық жандану үшін ұстаздар вакцина қабылдау керек дейді. Ел астанасы Каракаста арнайы мұғалімдерге арналған екпе егу орталықтары ашылған. Алдағы апталарда шамамен 100 мыңға жуық мұғалімге вакцина салынбақ. Жуырда бұл елге Sinopharm компаниясынан 500 мың доза вакцинасы және 100 мың доза ресейлік Sputnik V препараты жеткізілген болатын.

Элизабет Риос, мұғалім:

– Мұғалімдерге екпе егіле басағаны қуантатын жайт. Шара тегін жүргізіледі. Өзге елдерде ақылы екенін білемін. Жақын арада оқушылардың қайта мектеп қабырғасына оралатынына үміттімін.

Хабар 24 телеарнасы