Еуропа елдерінде шектеулер қатаңдатылып жатыр

Еуропада індеттің күшеюіне байланысты шектеулер қатаңдатылып жатыр.

Оған кәрі құрлықта вирусты жұқтырғандар санының артуы себеп. Мысалы, Нидерланд билігі карантинді сәуірдің 20-сына дейін созды. Мамырдың 15-іне дейін тұрғындардың себепсіз шетелге шығуына тыйым салынды. Себебі елде соңғы аптада науқастардың саны 16 процентке өскен.

Марк Рютте, Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы:

– Елде індеттің қайта күшеюіне байланысты қазіргі шектеу шаралары әлі де сақталады. Себебі науқастар саны қайта көбейіп жатқанда олардан бас тартудың салдары ауыр болуы мүмкін. Мен қоғамда бұл біраз наразылық туғызып жатқанын түсінемін. Бірақ біз індетті жеңу үшін шыдамдылық танытуымыз керек.

Норвегияда да індетке байланысты шектеулер қатаңдатылды. Енді шетелден оралған кез келген азамат арнайы қонақ үйде 10 күн бойы оқшауда болуы тиіс. Ал үйге екі қонақтан артық шақыруға болмайды. Жалпы Норвегия үкіметі бұған дейін карантинді жеңілдету жоспарын наурыз айының соңына дейін жариялатынын хабарлаған еді.

Сондай-ақ...