Бразилияда коронавирус індеті дес бермей тұр

Аймақта тәулігіне тіркелген науқастар саны күн өткен сайын артып барады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, соңғы 24 сағатта 82 мың адам вирус жұқтырған. 3 мың 200-ден астамы дертінен айыға алмай көз жұмды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес пандемия басталғалы Бразилияда вирусқа шалдыққан дімкәс жандардың қатары 12 млн-нан асқан. Қазір елде иммунизация шарасы қолға алынған. Билік өкілдері жақын арада Pfizer мен Johnson & Johnson компанияларымен келісімшартқа отырды.

Сондай-ақ...