Францияда вакциналау жұмыстары жылдамдатылып жатыр

Қазірге дейін екпенің бірініші дозасын халықтың 10 проценті алған.

Бірақ елде вакцина жетіспеуде. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, оған AstraZeneca компаниясының препаратты келісілген мөлшерде жеткізбеуі себеп. 2 аптадан кейін америкалық Johnson & Johnson компаниясы екпесінің алғашқы партиясы әкелінуі тиіс. Алайда бұл компания да жоспардан кешігуде. Осыған қарамастан Франция маусымның ортасына дейін халықтың жартысын вакциналауды көздеп отыр. Ал ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың 80 проценті егілуі керек екен.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Вакциналау – қазір ұлт алдында тұрған басты міндет. Шара демалыс, мереке күндеріне қарамастан жүргізілуі тиіс. Барлық орталықтарда адамдарды көптеп егуге күш салу қажет.

Осы аптадан бастап Францияда вакицнаны жасы 70-тен асқан қарттар да салдыра алады. Бұған дейін екпе жасы 75-тен асқан егде адамдарға салынып келген. Жуық арада мұғалімдерді де егу басталмақ. Билік жаздың соңына дейін елдегі барлық қарттарды вакциналауды көздеп отыр.