Британия тұрғындары вирустан көз жұмғандарды еске алды

Лондон мен Кардифф қаласында коронавирус індетінің таралмауы үшін алғаш рет локдаун енгізілгеніне тура бір жыл болды.

Осыған орай ел астанасында түрлі түсті шамдар жағылып, тұрғындар май шам ұстап, вирустан көз жұмғандарды еске алу үшін жаһар көшелеріне шықты. Біріккен корольдікте жер жаһанды жайлаған эпидемиядан 126 мың адам жан тапсырған екен. Бір жылдың ішінде жалпыұлттық локдаун бірнеше мәрте жарияланған болатын. Бүгінде аймақтағы эпидахуалға байланысты шектеу шаралары біртіндеп жеңілдей бастады. Ал билік вакцинация науқанын мықтап қолға алды.

Барбара Пенсуик, Лондон тұрғыны:

– Коронавирус дертінен бақұл болғандарды еске алу үшін келдім. Аты жаман аурудан көп таныстарымнан айырылып қалдым. Локдаунның зардабын тартқандар да аз емес. Бүгін бір жыл бойы көрмеген көршілерімді кездестіріп отырмын. Өте қуаныштымын.