Израильдегі сайлауда Б.Нетаньяхудың «Ликуд» партиясы жеңіске жетуі мүмкін

Израильдегі парламенттік сайлауда Премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың «Ликуд» партиясы жеңіске жетуі мүмкін.

Экзитполға қарағанда үкімет басышысының партиясы кнессеттегі 120 орындықтың 31-іне ие болған. Ал оппозиция көшбасшысы Яир Лапидтің «Еш Атид» партиясы 18 мандатқа үмітті. Бұдан бөлек заң шығарушы органына «ШАС», «Авода», «Бірлескен Араб тізімі» сынды партиялардың да өткенін көрсетіп отыр.

Еске сала кетейік, Израильде кезектен тыс парламенттік сайлау кеше өткен. Оған былтыр желтоқсан айында коалициялық үкіметтің бюджет бойынша ортақ шешімге келе алмай тарауы себеп болған. Жалпы бұл – Израильде соңғы 2 жылда өткізіліп тұрған төртінші парламенттік сайлау.