Коста-Рика кеденшілері тағы да ірі көлемде кокаин тәркіледі

Бұл жолы сақшылар банан салынған жүк контейнерінен 3 жарым мың тоннадай есірткі тапты.

Заңсыз жүк Голландияның Роттердам қаласына қарай жеткізілмек болған. Полиция оның құны қара нарықта жүздеген миллион доллар тұрады деп отыр.

Айта кетейік, Коста-Рика полициясы биыл жыл басынан бері осымен алтыншы рет ірі көлемде кокаин есіртікісін ұстап отыр. Ақпан айында 5 тонна кокаин тәркілеген.