Қытайда жер сілкініп, үш адам қаза тапты

Қытайда күші 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апат ошағы Шыңжаң-ұйғыр автономды аймағынан 101 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте болды.

БАҚ хабарлауынша, жер сілкінісінен 3 адам қаза тапты.

Айта кету керек, бұл сейсмологиялық оқиға Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 367 шақырым қашықтықта тіркелді.

earthquaketrack.com

Аударған: Г.Абилова