Кубада коронавирустан науқастардың 94,4 проценті айығып шықты. Жалпы эпидемия басталғалы 69 мың кубалық Ковид-19 дертіне шалдыққан.
Олардың 400-ден астамы ауруын жеңе алмай көз жұмды.
Бүгінде Бостандық аралында екі отандық вакцина сынақтың соңғы кезеңінен өтуде. Сынаққа 48 мың ерікті қатысқалы отыр.